Самбодан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті. Гүлдана Әлмұханбетова 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ол финалда Моңғолия өкілі Нехитбаатар Баярмамен күш сынасып, оны 3:2 есебімен жеңді. Ерлер арасында 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Райхан Мәди әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Мәди жарақатына байланысты алтын үшін жекпе-жекке қатыса алмады.