Айтпақшы, аталмыш тізім 2004 жылдан бері арнайы комиссия ұсынған мәліметтер негізінде дайындалған.
Сондықтан спортшылардың сыйақысы UFC 46 турнирінен бері есепке алынды. Сондай-ақ сыйақыларға бонустар мен демеушілердің берген ақшалары да қоса есептелді. Дегенмен осы тізімді жасаушылар PPV (ақылы трансляциядан түсетін төлем) арқылы түсетін ақшаны қоспаған.UFC 266 турниріне дейінгі сыйақыларға келер болсақ, ең көп сыйақы алған үздік ондық төмендегідей:
- Конор МакГрегор – 25,302,000 (доллар)
- Хабиб Нурмагомедов – 14,770,200
- Алистар Оверим – 9,914,500
- Андерсон Силва – 8,732,000
- Майкл Биспинг – 7,135,000
- Джуниор Дос Сантос – 7,110,000
- Джордж Сент-Пьер – 7,037,000
- Джон Джонс – 7,025,000
- Андрей Орловский – 6,840,000
- Дональд Серроне – 6,816,200
Қазақстандық спортшылардың сыйақысы:
- ...836. Дамир Исмагулов – 127,000
- Мария Агапова – 89,000
- Шавкат Рахмонов – 77,100
- Жалғас Жұмағұлов – 53,400
- Сергей Морозов – 37,500