Ақтау тұрғыны Қызыл кітапқа енген құсты видеоға түсіріп алды

Ақтау тұрғыны Қызыл кітапқа енген құсты видеоға түсіріп алды

Қаладағы қойма маңын сирек кездесетін құс кезіп жүрген. "Лада" басылымының хабарлауынша, ер адам құсты видеоға түсіріп, табанында ерекше таңба барын байқаған. Бейнежазба облыстық аумақтық инспекцияның қызығушылығын тудырды. Сөйтсе видеодағы құс Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген кербез құс болып шықты. https://www.youtube.com/watch?v=Cf4IdTqLXsQ&feature=emb_title Басылым халықаралық шартқа сәйкес, жыл сайын шымкенттік кербез дуадақтар табиғи ортада болуы үшін Маңғыстау облысына жеткізілетінін хабарлайды. Биылғы жылдың шілде-қыркүйек айларында мұнда оның 2 мыңы әкелінді. Оқиға орнына аумақтық инспекция мамандары барып, құсты іздеп көргенімен, нәтиже болмады. Қойма базасының иесімен және күзетімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.