Таныс-туыстарына 26 миллион теңге жалақы аударған бухгалтер сотталды

Таныс-туыстарына 26 миллион теңге жалақы аударған бухгалтер сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Павлодар облысындағы ақпараттық технология колледжінің бухгалтері бюджеттен 26 миллион теңге жымқырған.

Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті колледжде қаражатты жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

«Колледждің бас бухгалтері Ю.Безпалая өзінің қызметін пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз жымқырған. Ол колледжде жұмыс істемейтін таныстары мен туыстарының атына заңсыз жалақы аударып, сол қаражатты иеленіп отырған» делінген ресми хабарламада.

Сот шешімімен Ю.Безпалая 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 10 жыл бухгалтерлік қызметпен айналысуға құқы жоқ.