Депутаттардың бастамалары орындалып келеді

Депутаттардың бастамалары орындалып келеді

«Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі әлеуметтік желілердегі ресми аккаунт­тарында қазақстандықтарды барлық деңгейдегі мәслихат депутат­тарымен таныстыру­ды жалғастыруда. Еңбек жо­лын қарапайым маман болып бастап, ірі кәсіпорындардың басшылы­ғына дейінгі жолдан өткен олар бүгінде қайырым­дылықпен белсенді түрде айналысады. Сондай-ақ жүз­деген және мыңдаған қа­зақ­стандық отбасыларды жұ­мыс­­пен қамтамасыз етіп отыр. Солардың бірі – партияішілік праймериз­дердің жеңімпазы, Ақмола облысы мәслиха­тының депутаты Әбілқайыр Ошақбаев. Ол еңбек жолын ауыл шаруашы­лығы саласындағы жас маман болып бастап, бидайдың жоғары сапасымен және мал шаруашы­лығы өнімдері­мен танымал болған ірі кәсіпорынның негізін қалаушы және басшысына дейінгі кәсіби жол­дан өтті. Халық қалаулысының ауыл­дастары үшін жасаған игі және пайдалы істері аз емес. Ол Қор­жын­көл ауылындағы мектеп пен фермерлік-акушерлік пунктті өз қамқорлығына алып, осы нысан­дардың күрделі жөндеу жұмыстары мен электр энергиясы шығын­дарын өз есебінен өтейді. Сондай-ақ депутат туған ауылындағы 5 көше мен су құбырын жөндеу бойынша жоба­лық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ірі көлемде қаражат бөлді. Партияның тағы бір жарқын өкілі – «Nur Otan» партиясынан Алматы қаласы мәслихаты­ның депутаты Ерболат Қасымов. Оның баста­масымен 11 жыл ішінде жүз­деген қайырымды­лық жобалары іске асырылған. Ол 2018 жылы Жам­был атындағы Алматы жасөс­пірім­дер кітапханасын жаңғырту жұмыстарына демеуші болды. Карантин кезінде Biz Birgemiz акциясы аясында депутат 300-ден астам отбасына қаржылай қолдау көрсетіп, Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұр­ғын­дарына қаржылай көмек жі­берді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депу­таты Қуаныш Сүлейменов өзінің туып-өскен Шалабай ауылында асыл ­тұқымды мал зауытын дамыт­ты. Кәсіпорын қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсірумен және өсімдік шаруа­шылығымен айна­лы­сады. Одан бөлек, депутат Шалабай ауылдық округін көр­кейту мен кө­галдандыруға, атап айтқанда, көшелерді жарық­тан­дыру, ағаш отырғызу және ескі үйлерді жөндеу бойынша жұмыс­тарға белсенді қатысады. Сонымен қа­тар ол АҚШ, Аргентина және Жапонияда ветеринария саласын­дағы жас мамандардың білім алуына көмек­тесіп, орта мектеп оқушыларына стипендия бөлді. Партияішілік праймериздердің тағы бір жеңімпазы, Шымкент қаласы мәслихатының «Nur Otan» партиясынан депутаты – Рәшкүл Оспаналиева. Ол бұған дейін бастауыш сынып мұғалімі, нан өнімдері комбинатында инженер болып жұмыс істеген. Содан кейін 1994 жылы кәсіпкерлік қызметке кеткен және бүгінде Қазақстандағы ең табысты әйел-құрылысшы­лар­дың бірі. Депутат қайырымды­лық­пен де белсенді айналысады. Айта кетсек, пандемия кезінде Biz Birgemiz акциясы аясында ол көпбалалы және аз қамтылған от­басыларға 10 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Партияның көпке үлгі бола білген тағы бір белсендісі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты – Сайра Матайбаева. Бұрын 20 жылдық тәжірибесі бар педагог болған ол бүгінде табысты кәсіп­кер. Халық қалаулысы 2019 жылы Қосшыда өз қаражаты есебінен салынған «Дара «Бизнес-акаде­миясы» мектеп-лицейінің құрыл­тай­шысы. Мұнда 400-ден астам оқушы тегін білім алады. Ал аз қам­тылған және көпбалалы от­ба­сылардан шыққан балалар қо­сым­ша пәндерді тегін оқып, үйір­ме­лерге қатысады. Оның бастамасы бойынша балалар үйлеріне жиһаз тегін жеткізіліп, емделуге көмек көр­сетіледі және сол сияқты көп­теген игілікті істер жасалады. Еске сала кетейік, өткен сайлау қорытын­дысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихат­тардағы «Nur Otan» фракцияларының құрамы 65%-ғае жаңарды. Билеуші пар­тия­дан шыққан депутаттардың орташа жасы 45 болып, 6 жылға жасарды. Әйелдер үлесі 11-ден 30%-ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар үлесі 16-дан 23%-ға дейін өсті.

Ерке ЕРҚОҢЫР