ШҚО-да ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

ШҚО-да ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Шығыс Қазақстан облысының автожолдарында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 17.40-тан бастап «Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы» тасжолы мен Белоусовка ауылы және Риддер қаласы аралығындағы жолда тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

«Көлік қозғалысы шектелуінің себебі ауа райының нашарлауына байланысты болып отыр. Аталған жол бөлігінде көктайғақ пен қатты желдің салдарынан автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне қауіп төнеді», - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, синоптиктер бұл өңірде дауылды ескерту жариялаған.