Жамбыл облысындағы дауыл: 50-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді

Жамбыл облысындағы дауыл: 50-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді

Жамбыл облысындағы қатты дауылдың салдарынан 49 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына - 41 адам түрлі жарақаттармен жүгінген. 4-еуі - стационарға жатқызылды. Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына - 4 бала түскен, оның 3-еуі стационарға жатқызылған. 1 бала амбулаторлы түрде ем қабылдауда. Байзақ аудандық орталық ауруханасына 4 адам, оның 1-еуі стацинарға жатқызылған, 3-еуі амбулаторлы ем қабылдауда. Медициналық көмекке жүгіндердің басым көпшілігі - терезе, қақпа құлағаннан болған бас, аяқ, қол және басқа да сынық жарақаттарын алған», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Жамбыл облысында көліктер мен шатырларды жел ұшырып әкеткенін хабарлаған болатынбыз.