Түркістанда bınom school мектебі салынады

Түркістанда bınom school мектебі салынады

Апатты және үш ауысымды мек­тептің мәселесін шешу мақ­сатында биыл Түркістан өңірінде 78 мек­тептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, бұл – еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. «Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға қарай 130 жаңа мектеп салу жоспарлан­ған, оның ішінде биыл 47 мектеп салы­нады. Бүгінде 42 мек­тептің құрылысы аяқталды. Оның жартысына жуығы же­кеменшік мек­тептер. Бұл туралы Прези­дент жа­нындағы Орталық коммуника­ция­лар қызметі алаңында Мемлекет бас­­шысының Жолдауы аясындағы өңір­дің дамуы туралы өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті. «Бағдарлама аясында жыл сайын 108 мектеп жаңғыртудан өтеді. Терең­детілген бағытта білім жүйесін дамыту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік теті­гімен 4 Binom School мектебі салынады. Түркістан қа­ласында 720 орындық Назарбаев зият­керлік мектебінің құры­лысы аяқталды. 700 оқушыға арналған оқу ғимараты, 500 орындық жатақханасы бар «Дарын» мектеп-интернатының құрылыстары жүр­гізілуде», – деді Өмірзақ Шөкеев. Облыс әкімінің айтуынша, оқу­шы­лардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 906 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. 559 мектептің бейнекамерасы по­лицияның жедел басқару орталықта­ры­на интегра­цияланды. Бұл бағытта жұ­мыстар жалғасады.

Б.КӨКШЕ