ШҚО-да ауа райына байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді

ШҚО-да ауа райына байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты Үшарал қаласы мен облыстың шекарасы аралығындағы учаскеде қоғамдық көлік тоқтады, – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

"2021 жылдың 22 қарашасында сағат 17.30-дан бастап Алматы облысындағы Алматы–Өскемен автожолындағы 558-615 шақырымында, Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы аралығындағы учаскеде қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды" делінген ақпаратта.
Сондай-ақ боран мен көктайғаққа байланысты жүк көліктері де тоқтатылды.
"Төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында автокөлік жүргізушілеріне алыс сапарларға шықпау ұсынылады" делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.