Талғарда қар басқан тротуарға асфальт төсеген

Талғарда қар басқан тротуарға асфальт төсеген

Талғарда қар басқан тротуарға асфальт төселген сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Аудан басшысы абаттандыру жұмыстарының орындалуын қадағалауға жауапты Серік Дүмшебаевқа  қатаң сөгіс жариялады. Видео авторының айтуынша, түсірген кезде температура 0 градустан жоғары болмаған.

"Аудан басшысы абаттандыру жұмыстарына жауапты Талғар әкімінің орынбасары Серік Дүмшебаевқа қатаң сөгіс жариялады. Ол жұмысқа немқұрайлы қарап, мердігердің жұмысын тиісті деңгейде бақыламады", - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.