23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Атлантикалық циклонның әсерінен қар жауады. Әсіресе, шығыста қалың қар жауады. Барлық өңірде көктайғақ, күшті жел, бұрқасын, батыста тұман сақталады. Тек елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды.

Шығыс Қазақстан облысында желдің күші – 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында жел жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, батысында, солтүстік және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Қарағанды облысында желдің күші – 15-20  м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші – 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығыс және оңтүстік-шығысында жел қарқыны 23-28 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығыс және оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысында желдің күші – 15-20    м/с. Облыстың батысы және оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Қостанай облысында желдің күші – 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с шамасында болады. Облыстың шығысында және оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Ақмола облысында бұрқасын, желдің күші – 15-20   м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады. Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.