Сапар барысында Елбасы кітапханасы мен ТүркПА ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
«Бауырлас түрік халқы – егемендігімізді алғаш болып мойындаған ел. Аталмыш құжатқа қол қою арқылы қос мекеме екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың кезекті қадамын жасап отыр. Бұл рәсімнің Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен еліміздің ТүркПА-ға төрағалық ету жылының тұсында айрықша маңызы зор. Түркі әлемінің ақсақалы ретінде Елбасы түркітілдес елдердің интеграциясының серпініне, мәдени және рухани құндылықтарымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Бірлескен күш-жігеріміз білім беру, мәдени және ғылыми бағыттар саласындағы өзара іс-қимылдың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенімдіміз», – деді Бақытжан Темірболат.«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси аренада көреген саясаткер, парасатты тұлға ретінде үлкен құрметке ие. Осы орайда, ТүркПА Елбасының есімімен аталған кітапханамен, яғни білім мен ғылымды, тарих пен мәдениетті шоғырлатқан орталықпен серіктес болуға қуаныштымыз. Ынтымақтағымыз нығая берсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын!», – деді Мехмет Сюрейя Эр.«Жаңа сын-қатерлерге төтеп береміз десек, өзара ынтымақтастықты барынша нығайта түсуіміз қажет. Әріптестеріміздің әлеуетін арттырып, түркі әлемінің халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз», - деген Қ. Тоқаев.
Кездесу аясында делегация мүшелеріне Елбасы кітапханасының музейі бойынша экскурсия жүргізілді.