Тоқаевтың мақаласы «The Parliament Magazine» басылымында жарияланды

Тоқаевтың мақаласы «The Parliament Magazine» басылымында жарияланды

ЕО-да  жарық көретін «The Parliament Magazine» басылымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын жариялады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Еуропалық Одақ кеңістігіндегі саяси оқиғалар туралы жазатын беделді «The Parliament Magazine» басылымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын жариялады. Онда Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапарына орайластырылған Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ой толғайды" делінген хабарламада.