Желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген автокөлік иелеріне айыппұл салынады

Желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген автокөлік иелеріне айыппұл салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жүргізушілерге жазғы дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл салынады. Елімізде бірнеше жыл бұрын қыс мезгілінде жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынды.

Жазғы дөңгелекпен жүргендерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады (2021 жылы бұл сома – 14 585 теңге, 2022 жылы – 15 315 теңге).
Құжатқа сәйкес жазғы дөңгелек резеңкесінің биіктігі кемінде 1,6 мм, ал қысқысы 4 мм болуы шарт. Сонымен қатар дөңгелекте үш шыңды тау мен қар ұшқыны бейнеленуі тиіс және "М+S", "M&S" , "M S"таңбаларымен таңбалануы керек. Осы талаптарға сай дөңгелектерді қыста пайдалануға болады. Айта кетері, полицейлер көлігінің дөңгелегін ауыстырмағандарға тек қыстың үш айында айыппұл сала алады, қалған уақытта ескертумен шектеледі.