Қостанайда 5-қабаттан құлаған бойжеткен мерт болды

Қостанайда 5-қабаттан құлаған бойжеткен мерт болды

Қостанайдағы шағынауданда көпқабатты үйлердің бірінде 23 жастағы бойжеткен 5-қабаттан құлады. Бұл фактіге қатысты Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

«23 жастағы бойжеткен құлап кеткен. Жедел жәрдемге таңғы сағат 5.15-те қоңырау түсті. Қыз жедел жәрдем көлігі келгенге дейін мерт болған. Қатты жарақат алып, содан көз жұмған», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік бермеді.