Елімізде 65 Елбасы, 25 660 Нұрсұлтан есімді адам бар

Елімізде 65 Елбасы, 25 660 Нұрсұлтан есімді адам бар

Дереккөздің жазуынша, бүгінде Қазақстанда Елбасы есімді 65 адам тұрады. Нұрсұлтан есімді ерлердің саны – 25 660. Тәуелсіздік алғаннан кейін осы есімнің танымалдығы артқан.

Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Әсем Алдоңғарқызы: «Ұлттық статистика бюросы есімдерге қатысты статистиканы ай сайын жүргізеді. Қазақстан тәуелсіздігімен байланысты есімдер жиі кездесіп жатады. Олар Астана, Атазаң, Тәуелсіздік, Теңге, Елбасы, Қазақстан есімдері кездеседі», – дейді.

Бұған дейін Қазақстандағы ерекше есімдер туралы жазған болатынбыз.