Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында 7 балалы отбасы баспаналы болды.
Ақши ауылынан «Дәулет - Бекет» ЖШС басшысы Сыдық Әбуәлі жақында дүниеге келген үшемге 120 шаршы метр 5 бөлмелі үй салып берді. Бүгінде Маймиевтер әулеті 7 баланы тәрбиелеп отыр. Үшемнің есімі – Мәлика, Мәдина, Мүслима. Көпбалалы ана Ақмарал Жалғасқызы – «Алтын алқа» иегері.
Салтанатты шараға аудан әкімі Бағдат Қарасаев қатысып, Маймиевтер отбасының қуанышымен бөлісті.