Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов 2022 жылы қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатынын айтты.
Оның айтуынша, зейнетақы жинағының жеткілікті ең төменгі шегі өскеннен кейін оның бір бөлігін пайдалануға 582 мыңға жуық адамның шамасы келеді. "2022 жылы шамамен 582 мың адамды пайдалана алады. Алуға болатын жинақтардың жалпы сомасы шамамен 900 миллиард теңгеге жетеді", - деді БЖЗҚ АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов. Жанат Құрмановтың айтуынша, осы көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты Үкіметтің қолданыстағы қаулысына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жеткілікті шегі қайта есептелді. Зейнетақы жинағы ең төменгі жеткілкті шегіне жетсе, азаматтар жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға жұмсай алады. Айта кетейік, 2 желтоқсанда Мемлекет басшысы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойған еді. Еске сала кетейік, 2020 жылы бұрынғы жеткілікті шек бойынша Қазақстанда шамамен 700 мыңнан астам азамат зейнетақы жинағындағы қаражаттың бір бөлігін қолдана алатыны айтылған еді. Бұған дейін БЖЗҚ АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың жеткілікті шегі неліктен өзгергенін түсіндірді.