Ақтөбеде жүргізуші қыз автобус аялдамасын қиратып кетті

Ақтөбеде жүргізуші қыз автобус аялдамасын қиратып кетті

Ақтөбеде 25 жастағы жүргізуші қыз аялдамаға соқтығысты, – деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Апат 3 желтоқсанға қараған түні болған.

"BMW көлігінің 25 жастағы жүргізушісі әуежайдан Бөгенбай батыр даңғылы бойымен жүріп бара жатып, жол белгісі мен аялдаманы қағып кетті", – деді полиция қызметкерлері.
Бойжеткен зардап шекті, ол Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.