Ақтөбе облысында заңсыз 16 казино ашқан қылмыстық топтың 10 мүшесі ұсталды

Ақтөбе облысында заңсыз 16 казино ашқан қылмыстық топтың 10 мүшесі ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру деректерінің, сондай-ақ қылмыстық топтар қызметінің жолын кесті. Мысалы, Ақтөбе облысында аумақтық департамент қызметкерлері құрамында 10 адам - А.Әбубәкіров, З.Әміржанов, А.Дүймұханова, А.Бекназаров, Т.Ізбағанбетов, Ж.Еспамбетов, А.Матаюпов, Қ.Сағынтаев, А.Таржанов, Р.Шаграев бар ұйымдасқан қылмыстық топты жойды. ҰҚТ мүшелерінің рөлдері «бақылаушы-менеджерлер» (оператор-кассирлерді бақылау) және «ойын терминалдарының бақылаушы-менеджерлері» (ақша қаражатын инкассациялау) болып бөлінді. Қылмыстық топ Ақтөбе облысының аумағында «Stavkabet.kz» букмекерлік кеңселері түрінде 16 заңсыз ойын мекемесі – электрондық казиноларды ұйымдастырған. Барлық тәркіленіп алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылған. ҰҚТ-ның барлық мүшелері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. https://www.youtube.com/watch?v=4VuiJM-SKko