2022 жылы елімізде 280 млн түп көшет егіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты.
«Бүгінде ел аумағында 218 орман бар. Жалпы, 2649 гектар жерді алып жатыр. Болашақта оның аумағын 325 гектарға дейін кеңейту жоспарда бар. Сондай-ақ 282 гектар жерде жаңа орман пайда болады. 2022 жылы 112 мың гектар жерге 280 млн түп ағаш отырғызылады», – деді ол.
Бұған дейін қалайы өндіру үшін Солтүстік Қазақстанда 48 гектар орман жойылатынын жазған болатынбыз.