Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов ел егемендігінің 30 жылдығына орай «Моноқалалар – Тәуелсіз Қазақстанға» челленджін бастаған болатын.
Челлендждің негізгі мақсаты – моноқалалардың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін көрсету.«Біздің еліміздің қалыптасуы әр өңірден қалыптасып келеді. Даму процесінің мызғымас тірегі – бұл өзінің ірі кәсіпорындары бар моноқалалар. Алайда, моноқалалар кәсіпорындар қаласы ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес ортасы екенін ұмытпау керек. Ал ең бастысы – бұл тұрғындар, еліміздің патриоттары, бұл болашақты бүгіннен бастап, елімізді дамытатын қазақстандықтардың жаңа ұрпағы», – дейді Ержан Темірханов.Саран қаласы челленджді іске қосып, көмір өндірісін, автобус өндірісін, шина, кабель өнімдері, бетон бұйымдары, тігін өндірістерін көрсетті.
Қазақстанда 1,4 миллионға жуық адам тұратын 27 моноқала бар. Моноқалалар өнеркәсіп өнімінің 40%-ға жуығын өндіреді. Саран – Қарағанды облысындағы моноқала. 43 мыңнан астам халқы бар. Көпшілігі көмір шахтасында жұмыс істейді.