Мүгедек ағасының есепшотынан ақша шешіп алған тұрғын ұсталды

Мүгедек ағасының есепшотынан ақша шешіп алған тұрғын ұсталды

Биыл 7 желтоқсанда Степногорск қаласында Полиция басқармасына 35 жастағы жергілікті тұрғын 1 қарашадан 3 желтоқсанға дейінгі кезеңде белгісіз біреу ағасының банк картасын ұрлап, одан 105 500 теңгені шешіп алғаны туралы арызданды.

Карта иесі ІІ топтағы мүгедек, ауруханалардың бірінде емделуде болған екен. Медициналық мекемеден шыққаннан кейін ол жәрдемақыны алмақ болған. Бірақ банк шотта ақшаның жоқ екендігін хабарлаған. Жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктінің жеке басы анықталды. Степногорсктің 29 жастағы тұрғыны ағасының картасының PIN-кодын біліп, оны пайдаланып, ақшаны алып, жұмсағанын мойындады.

Банк картасы тәркіленіп алынды. Факті ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.