Биыл күдіктілер мен сотталғандарды азаптаған құқық қорғау органдарының қанша қызметкері сотталды?

Биыл күдіктілер мен сотталғандарды азаптаған құқық қорғау органдарының қанша қызметкері сотталды?

Бүгін – 1948 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылданған күн. Адам құқын қорғау мәселесі Қазақстанда да өте өзекті. Құқық қорғау органдарында сенім телефоны жұмыс істесе де, әділдік іздеп жүрген жәбірленушілердің саны азаяр емес.

Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың мәліметіне сәйкес, биыл қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың атына 1614 өтініш келіп түскен. Көбінесе азаматтардың тиісті шағымдары прокуратура мен полициядағы лауазымды тұлғаларының іс-әрекеті немесе әрекетсіздігіне қатысты 298 өтініш, сондай-ақ сот актілеріне шағымдану бойынша 215 өтініш түскен. 163 өтініш абақтыда адам құқын бұзу, қызмет бабын асыра пайдалануға қатысты болды.

«Биыл 11 айда ҚК-нің 146-бабы («Азаптау») бойынша 655 қылмыстық іс болған. Қылмыстық істері тармақтар бойынша қысқартылған құқықбұзушылық саны 1), 2), 5), 6), 7), 8) ҚР ҚІЖК 35-бабының 1-бөлігі жоғарыда көрсетілген 655-тің 495-ін құрап отыр», – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Жалпы, биыл «Азаптау» бабы бойынша ҚР ІІМ-нің 7 қызметкері сотталды (оның ішінде 1-і ҚР ІІМ ҚАЖК қызметкері).

Бұған дейін Шымкентте Полиция департаментінде көз жұмған Жұмабаевтың досы «Жерге жатқызып басымнан тепті» деп оқиғаның мән-жайын айтқанын хабарлаған болатынбыз.