Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Ел аумағында кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейіп, көктайғақ болады деп күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында бұрқасын болады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарда, тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аумағында, тау бөктері аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарыда жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын, тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысының оңтүстігінде боран соғады, облыстың солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Алматы облысында Алакөл көлдерінің маңында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.