Жедел жәрдем көлігі аударылып, жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді

Жедел жәрдем көлігі аударылып, жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді

Атырауда кеше сағат 11:00 шамасында «Водников-2» ықшамауданында жол апаты болды. Жедел жәрдем көлігі Volkswagen Touareg автокөлігімен соқтығысып,  аударылып қалды. Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды.

Оқиға 2 және 8-көшелердің қиылысында болған. Жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Облыстық аурухана дәрігерлері тексерістен кейін жүргізушіні үйіне жіберді. 27 жастағы фельдшер ауруханада ем қабылдап жатыр.