Ордабасы ауданында жәбірленуші әмияны жоғалғанын айтып, полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары оның үйінен 1500 АҚШ доллары бар әмиянды жымқырып кеткен туысын ұстады.
Күдікті жәбірленушінің үйіне жөндеу жұмыстарына көмектесу үшін келген. Үш күннен бері көмек көрсетіп, ағасының үйінен шығып кеткен сәтін пайдаланған. Үй ішін тінтіп, сандықтағы әмиянды ұрлаған. Ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.Факті ҚК 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Полиция ұрыны ұстау үшін жедел әрекет етті. Күдіктіні анықтап, оны Шымкент қаласынан ұстады. Ол Маңғыстау облысының тұрғыны, жәбірленушінің жиені екені белгілі болды.