Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
1 жастан 6 жасқа дейінгі 265,1 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды. АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы немесе egov.kz порталы арқылы беруге болады.Биыл 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша 198,1 мың отбасындағы 988,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Осы мақсатта бюджеттен 68,5 млрд теңге бөлінді.
Бұған дейін әлеуметтік пакет алған отбасы азық-түлікті тауыққа бергенін айтқан болатын.