19 желтоқсан күні Қарағанды облысында полицейлер «Учаске» іс-шарасы аясында Алматы-Екатеринбург тас жолында рейд жүргізді.
Кешкі сағат 23:00 шамасында полицейлер 60 жастағы Қарағанды тұрғынының көлігін тоқтатты.ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан екі полиэтилен пакет табылды. Ерекше иісі бар өсімдік 21 келіден астам кептірілген марихуана екенін сараптама анықтады.