Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте суға кетіп, көз жұмғандар саны көбейгенін айтты.
Оның айтуынша, биыл шомылу маусымында суға батқандар саны 2%-ға көбейді. Биыл 315 адам, оның ішінде 93 бала (2020 жылы – 309 ересек адам, 78 бала) суға кетті.«Көпшілігі шомылуға рұқсат етілмеген аймақтарда суға түскен. Осыған байланысты 37 545 рейд жүргіздік. Соған қарамастан, 1 қаңтардан бері жалпы 415 адам суға кетіп, қаза тапты. Оның ішінде 135-сі бала», – деді министр.
Бұған дейін анасы мен баласы балық аулауға шығып, көлікпен суға батып кеткенін жазған болатынбыз.