Мадагаскар министрі Үнді мұхитындағы құтқару операциясы кезінде тікұшақ апатынан кейін жағалауға 12 сағат бойы жүзіп жетіп, аман қалды. Теңіз агенттігінің мәліметінше, кеменің апатқа ұшырауы салдарынан мерт болғандар саны 64-ке жеткен. Кем дегенде 20 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. 57 жастағы Гелле жел екпіні салдарынан тікұшақтың құлағанын, Махамбоға дейін дүйсенбі күні сағат 19:30-дан сейсенбі күні 7:30-ға дейін жүзіп жеткенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, ешқандай жарақат алмаған, бірақ қатты тоңған. Полиция бастығы Зафисамбатра Равоави Франс пресс агенттігіне Гелле жүзу құралы ретінде тікұшақ орындықтарының бірін пайдаланғанын айтып берді.