Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері циклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте қар жауады. Көктайғақ, тұман, бұрқасын, солтүстікте боран болады.

Батыста түнде 14-23-тен 3-13-ке дейін аяз түсіп, күндіз 3 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-батыста түнде 17-33-тен 7-23-ке дейін, күндіз 10-25-тен 2-11-ге дейін аяз болады. Солтүстікте ауа температурасы түнде -20-33, күндіз -10-26-дан -5-15-ке дейін аяз болады. Орталық пен шығыста ауа температурасы күрт төмендейді. Солтүстік-шығыста түнде -5-15-тен -10-25-ке дейін аяз, күндіз -2-11-ден -5-20 аяз болады. Оңтүстікте түнде -15 аяздан кейін күндіз 3 градусқа дейін күн жылиды. Ауа температурасы -3-10 градус аралығында күрт суытып, қайта жылынып, құбылмалы болады.