Семей станциясында пойызда әйелді зорлауға оқталды деген күдікпен тексеру басталды. Бұл туралы Arnapress.kz хабарлады.
Дереккөздің жазуынша, полиция тергеу жүргізіп жатыр.Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, факті Семей станциясында тіркелген. Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Бұл іске қатысты өзге мәліметтер ҚК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.
Бұған дейін тек қана әйелдерге арналған вагондар жолға шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.