Ақтауда әлі құрылысы аяқталмаған, жаңадан орнатылған әткеншектерді бұзақылар қиратып кеткен.
Lada.kz-тің жазуынша, Ынтымақ алаңында бақылау камералары жұмыс істесе де, бұзақыларды полицейлер әлі таппаған. Ал қала әкімдігі «Әткеншектердің» әлі балансқа қабылданбағанын айтты.«Әткеншектер» шағын архитектуралық кешенінің құны – 2 553 441 теңге.«Сынған әткеншектерді Clover media group ЖШС қайта қалпына келтіреді», – дейді әкімдік өкілі.
Бұған дейін Ақтауда жасанды қызғалдақтарды сындырғанын жазған болатынбыз.