Бұл туралы жылу-электр станциясындағы апат жайлы өткен брифинг барысында энергетиктер мәлімдеді.
Онда айтылғанындай, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындар үшін жылу төлемақысы 5 пайызға қымбаттайды. Бұл – жоспарлы шара. Петропавлдықтар бұған дейін жылудың 1 гигакалориясы үшін 3 150,37 теңге төлеп келген болса, жаңа жылдан бастап 3 307, 89 теңге төлейтін болады. Ал заңды тұлғалар үшін жылу бағасы 8 391,87 теңгеден 8 811,58 теңгеге дейін шарықтап шыға келмек. Ең көп шығынданатын – бюджеттік ұйымдар. Олар үшін жылу бағасы 10,2 пайызға көтерілмек: қазіргі 13 001,86 теңгеден 14 322,20 теңгеге дейін.