Орал қаласының тұрғындары сусыз қалды

Орал қаласының тұрғындары сусыз қалды

«Солтүстік-Шығыс» ықшамауданындағы апатты жою мақсатында Орал қаласы судан толығымен ажыратылды, – деп хабарлайды "Мой ГОРОД". 30 желтоқсанда сағат 16:30-да "Солтүстік-Шығыс" ықшамауданында №19 үйдің маңында диаметрі 700 мм суық суға арналған құбыр жарылған. "Батыс Су арнасының" ақпараты бойынша, қысымды төмендету жарылған су құбырын жөндеуге мүмкіндік бермеді, сондықтан қаланы сумен қамтуды уақытша толық тоқтату туралы шешім қабылданған.

"Жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Су құбыры 2-3 сағат ішінде алынып, қалпына келтіріледі" – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.