Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» алдағы 1-3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ақ теңіз ауданынан жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклоны әсерінен батыста қар жауады. Тек қана Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елімізде жел 15-23 м/с дейін күшейеді. Батыс және оңтүстікте көктайғақ болып, солтүстік және орталық өңірлерде боран соғады. Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды және аяздың беті қайтады.

3 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 3-8 градус суық болады. Оңтүстік жартысында термометр бағаны 0-5 градусқа жетеді. Кей жерлерде 10-13 градус жылы болады.