Вайнерлер мемлекеттік марапатқа ие болды

Вайнерлер мемлекеттік марапатқа ие болды

Қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. Бұл туралы вайнерлер Instagram парақшасында жазды.

Мейіржан Төребаевтың сөзінше, медаль Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін берілген.
"Кеше әкімдіктен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін берілген сыйлығымды алдым. Ештен кеш жақсы. Мойындағаныңыз үшін рахмет", - деп жазды Мейіржан Төребаев.
Әлеуметтік желідегілердің көбі оларды құттықтады. Кейбірі вайнерлердің мемлекеттік марапатқа лайық емес екенін жазып жатыр. "Одан да сол медальді мұғалімдерге беру қажет еді. Себебі олардың қызметі ұлт үшін маңызды. Оның үстіне ұстаздардың мемлекетке пайдасы да көп", - деп жазды бір оқырман. "25 жылдан бері ұстаздық етіп келемін, балаларды білімге баулимын. Бірақ мемлекет бір де бір марапат берген емес", - деп жазған Бота есімді қолданушы.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Turebayev Meirzhan ???? (@meirzhach_tv)