Алматы облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Панфилов ауданындағы Әулиеағаш ауылының тас жолында Nissan Cefiro көлігі аударылған.

«Көлікті Көктал ауылының 15 жастағы тұрғыны басқарған. Оқиға орнында жүргізуші мен 14-15 жастағы екі жолаушы қаза тапты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақаттармен орталықтағы аудандық ауруханаға жатқызылды» делінген хабарламада.
Жол көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі және көлікті басқаруға жол берген үшін көлік иесіне де қатысты ҚР ҚК 349-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.