Еліміздің кейбір өңірлерінде болған бұзақылықтар кезінде адам өмірі мен олардың мүлкін өрттен құтқарып, қызметтік міндетін атқарып жүрген қарусыз өрт сөндірушілерге қарсы шабуыл жасалды. Бұл адами құндылықтар мен моральдық нормаларды бұзушылық болып есептеледі.
Дүниежүзінде, тіпті әскери қақтығыстарда қатысуші екі тарап құтқарушылар мен медицина қызметкерлеріне өз міндеттерін орындауға кедергі келтірмейді.
Қазіргі уақытқа дейін өртті сөндіруге бара жатқан немесе сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан өрт сөндірушілерге жасалған 33 шабуыл оқиғасы тіркелді. Тәртіп бұзушылар өрт сөндірушілерге тас лақтырып, оқ атты және жолдарды автокөліктермен бөгеді.