Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында шенеуніктер халықпен етене жақын жұмыс істеуі тиіс екенін де айтты.
Сондықтан Президент Үкіметке бюрократияны жоюды тапсырды.«Шенеуніктердің азаматтармен байланысы нашар. Мемлекеттік орган басшылары халықпен сөйлесе алмайды, тіпті кейде қорқатын секілді. Үкімет мүшелері өңірлерге жиі шығуы тиіс. Ал өңір әкімдері халықпен кездесу өткізіп, тұрақты байланыста болуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бұған дейін ҰҚК департаментінің басшылары қару-жарақ пен құпия құжаттарды тастап кетіп қалғанын айтқан еді.