Алматыда анасымен бірге дүкенге шыққан бала көз жұмды

Алматыда анасымен бірге дүкенге шыққан бала көз жұмды

Алматы қалалық полиция департаменті тәртіпсіздік кезінде 12 жастағы ұл бала қалай көз жұмғанын айтып берді. 

Баланың анасы полицейлерге 5 қаңтарда 23.00-де ұлымен бірге нан алу үшін далаға шыққанын хабарлаған.
"Олар Өтеген батыр көшесі бойындағы Әуезов ауданында болып жатқан тәртіпсіздікке тап болған. Балаға атылған оқ тиген", – деп хабарлады полиция өкілдері.
Сондай-ақ 4 жасар қыздың қалай көз жұмғаны белгілі болды.
"Ер адам үш баласымен қалаға көлікпен кірген кезде оқтың астында қалған. Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр, өкінішке қарай 4 жасар қыз бала көз жұмды ", – деп хабарлады ПД.
Қазір тергеушілер балалардың өліміне қатысты жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.