Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері құрамында спирт бар өнімдерді, сондай-ақ акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерін сату және сақтау фактілерін анықтады.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері лицензияланбаған алкоголь мен темекіні қаланың қақ ортасынан, Бостандық көшесіндегі қоймалардың бірінен тапты. Тексеру барысында тауар облыс орталығының 36 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Нәтижесінде 520 литр алкоголь, сондай-ақ 259 блок темекі тәркіленді.Бұл - жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тәркілеген лицензияланбаған алкогольдің ең ірі партиясы.