Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты хабарлады.
Экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченконың айтуынша, іс материалдарымен танысу аяқталды.«Қылмыстық іс сотқа жетті. Судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау туралы не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды» делінген қалалық соттың ресми хабарламасында.
Бұған дейін Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзарғанын хабарлаған болатынбыз.