Шымкент қаласында да эпидемиологиялық ахуал күн сайын нашарлап, коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейді, – деп жазады otyrar.kz.
Ауру өршіп тұрғандықтан Қазақстанның бас санитар дәрігері қаңтардың шыңылтыр аязында мұздай суға түсуге тыйым салды.Карантин талабы мен бас санитардың ескертпесі негізінде биыл 18-19 қаңтар күндері мұзды ойып, мұздай суға түсуге тыйым салынады.Қаулыны қаперіне алмай, қаңтарда діни-наным сенімі бойынша мұзды ойып, мұздай суға түскендер жауапқа тартылады. Талапқа бағынбағандарға 50 АЕК, яғни 153 150 теңге айыппұл салынбақ.
Ережеге бағынбағандар 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.