Бейжің осындай шешім қабылдапты. Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті билеттерді ашық сатылымға шығармайтын болып шешіпті. Мұндай шешім шығаруға елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиялық жағдай себеп болып отырған секілді. Билеттерді ашық сатылымға шығаруға рұқсат жоқ, бірақ билеттер белгілі бір көрермен топтарына тікелей таратылады. «Ойынды тамашалауға арналған орындарды тек вирусқа қарсы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайтындар ғана ала алады. Олардың арасында билет квотасы бөлінеді», – делінген Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде.