Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірнеше көше жабылады

Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірнеше көше жабылады

Алматы қаласында террористерге қарсы операция әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан бірнеше көше уақытша жабылады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Атап айтқанда: – Абылай хан даңғылының бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта; – Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта; Полиция тұрғындардан сақтық пен жол қозғалысы ережелерін бұзбауды сұрайды.

Ескерер жайт, төтенше жағдай режимі аяқталса да, Алматыда әлі де терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады.