Алматыда қалалық кардиология орталығының дәрігерлері бұзақылар шабуыл жасап, атып тастаймыз деп сес көрсетсе де, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен, – деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда бұзақылар қалалық кардиология орталығына да шабуыл жасады. Ауруханаға баса-көктеп кіріп, дәрігерлерді қарумен қорқытқан. Қалалық кардиология орталығының дәрігерлері қауіп төнсе де, жұмыс істеген.Қаңтардың 5-інен 6-ына қараған түні бұзақылар жедел-жәрдем көлігін ұрлап кетпек болған. Сонымен қатар ауруханаға бұзақылар баса көктеп кіріп, дәрігерлерге шабуыл жасаған. Қабылдау бөлімінен кіріп, ота жасау бөлімінің аға медбикесінің басына, маңдайына қару кезеген.«Айқай-шуды, мылтық кезенген жастарды көргенде үрейленіп, көзіне жас алып, біраз уақыт шошынғандар болды. Бірақ олардың бәрі өз қызметін адал атқара білді», – деді қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Алмат Қодасбаев.
https://youtu.be/_MWxwBWg--IҚалалық кардиологиялық орталықтың қабылдау бөлімінің кезекші дәрігері Алмас Темірбаев: «Иә, сол кезекшілік кезінде қолында қаруы бар 5-6 жігіт баса-көктеп кіріп, маңдайыма қару тақап, «атып тастаймын» деп қорқытты. Сондай қиын жағдайда болдық», – дейді.
Бұған дейін Алматыдағы прокуратура ғимаратындағы өртті сөндірген өрт сөндірушілерді ұрып-соғып, қамап, өртеп жібергені туралы жазған болатынбыз.