Алматыда бүлік шығарғандардың намаз оқыған сәті видеоға түсіп қалған

Алматыда бүлік шығарғандардың намаз оқыған сәті видеоға түсіп қалған

Бүлікшілер Алматыдағы телеорталықты өртемес бұрын сол жерде намаз оқыған. КТК арнасы "Алматы трагедиясы" кезінде медиаорталыққа бүлікшілер қалай келгенін видеокадрлар арқылы көрсетті.  КТК телеарнасы "Январь: хроника беспредела" атты деректі фильмде Алматы қаласындағы медиаорталыққа бүлікшілер қалай келгенін көрсетіп, сырттағы және іштегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларды жариялады, – деп жазады Экспресс К. Бұл медиаорталық Респулика алаңы маңында орналасқан. Видеодағы кадрға зер салсақ, бүлікшілер алдымен құлшылық етіп, намаз оқыған. Осыдан соң, кәсіби қарақшылар секілді іске кірісіп, ғимаратты бұзып-жарып ішкі кірген. Кадрдан үш адам есікті теуіп, сындырып жатқанын да байқауға болады. Араларында біреуінің бағыт-бағдар беріп, бейберекетті ұйымдастырып жүргені де видеоға түсіп қалған. Деректі фильмде бүлікшілердің телеарнаға шабуыл жасауына негізгі себеп — тікелей эфирге шығу болғаны айтылған. Бірақ оларынан түк шықпаған соң, телевизиялық құрал-жабдықтарды сындырып, өртей бастайды. «Олар "Мир" арнасындағы үш кабинеттің сау-тамтығын қалдырмады. Алдымен эфирге шығатын бөлмені, сосын құжаттар тұрған қабылдау бөлмесін және жаңалықтар шығатын ньюсрум бөлмесінің астан-кестенін шығарды, – дейді "Мир" арнасының журналисі Кирилл Харламов.