Коронавирус және коронавирус пневмониясынан 14 адам қайтыс болды

Коронавирус және коронавирус пневмониясынан 14 адам қайтыс болды

Коронавирус және коронавирус белгілері бар пневмониядан елімізде тағы 14 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  25 қаңтардағы мәліметке сәйкес, коронавирус пневмониясының жаңадан 106 жағдайы анықталды, 2 адам қайтыс болды. Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 25 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясының 85 846 дерегі тіркелді. 5 253 науқас қайтыс болған. Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 13 адам көз жұмды. Індетті бір тәулікте жұқтырғандар саны – 13 652. 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 26 қаңтарға дейін коронавирус барлығы 1 192 211 адамнан анықталды. Қайтыс болды – 13 177 адам.